Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, үшеуі де жарақаттар мен тері зақымдануларын алған. Қазір олардың жағдайы қалыпты деп бағалануда.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Қатты жел бірнеше нысанды зақымдады.
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың тапсырмасымен төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия құрылды. Оны облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов басқарды. Комиссия залалды бағалайды, ал аудан орталығындағы авариялық бригадалар электрмен жабдықтау мен ұялы байланысты қалпына келтіруде.
Тексеруден кейін жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылданады. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп, зардап шеккендерге көмек дайындауда.
Маусым айында Ақтөбеде қатты дауыл болған: сол кезде ағаштар құлап, үйлердің төбелері жұлынып кеткен.