Туризм

Қазақстанның ұлттық тағамдары. Оларды қайдан татуға болады?

Қазақстанның ұлттық тағамдары. Қазақы қонақжайлылық — қазақ халқының басты қасиеті. Егер қазақтарға қонаққа барсаңыз, сіз өзіңіз…

22 желтоқсан 2014 · 21:10·Оқу: 3 мин

Қазақстанның ұлттық тағамдары. Оларды қайдан татуға болады?
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·22 желтоқсан 2014

Қазақстанның ұлттық тағамдары. Қазақ қонақжайлылығы — қазақ халқының басты қасиеті. Егер сізге қазақтардың үйінде қонақта болу бұйырса, Қазақстан халқының осы ұлттық қасиетін өз басыңыздан өткересіз. Көп нәрсе kuyrdak-759390 сіздің ауыл тұрғынының ба әлде қала тұрғынының ба үйінде болатыныңызға байланысты, бірақ сеніңіз, қонақжайлылық рухы барлық жерде бар. Қазақ асханасының бар бөлекшелігін шынайы сезіну үшін мұны ауылдық жерде жасаған дұрыс, өйткені сізге photo_18117 үй шаруашылығының жаңа өнімдері ұсынылады. Алдымен сізге міндетті түрде қымыз, шұбат немесе айран ішуді ұсынады, содан кейін шай береді, ал бұл бірінші аштықты басу үшін (негізгі тағам дайындалып жатқанда), шайға әдетте нан, сары май, кілегей және тәтті-дәмділер ұсынылады.

Дұрыс демделген кілегейлі шай мен майы бар жаңа піскен нан — бәрі өте дәмді, шай әдетте кеселерге құйылады әрі ыстық болуы үшін самауырыннан аз-аздан құйылады. Содан кейін сізге еттен жасалған қазақтың ұлттық тағамдарының бірі ұсынылады, негізінен жылқы, қой, сиыр етін, сирек жағдайда түйе етін пайдаланады.

Ең танымал тағам қандай? Қазақтардың ең танымал тағамы — бесбармақ. Бесбармақ қазақшадан аударғанда «бес саусақ» дегенді білдіреді. Қазақстанның ұлттық асханасының барлық қағидаттарына сай дайындалған бесбармақ сияқты қазақтың ұлттық тағамын бір рет дәмін татқан адам, оны қайтадан жегісі келеді. Бұл тағам ұзақ пісірілетін еттен дайындалады, содан кейін сол сорпада скачанные файлыүлкен тіктөртбұрыштап туралған қамыр (кеспе) пісіріледі, піскен қамыр үлкен табаққа салынады, үстіне ет пен пияз қойылады, ал қою сорпа бөлек беріледі. Дастарханда піскен етті бөлшектеу — ерекше мәнге толы бүтін бір рәсім. Қызығы сол, әр ет кесегінің өз тағайыны бар, осылайша үй иесінің қолынан дастарханда отырғандардың әрқайсысы өзіне арналған кесегін алады — жамбас сүйектер мен асықты жілікті егде құрметті қонақтарға, төс сүйекті ұл балаға не келінге, мойын омыртқаны тұрмысқа шықпаған қыздарға және тағы басқа береді. Дастарханға сонымен қатар жылқы немесе қой етінен жасалған суық тағамдар — қазы, шұжық, жал, жая, сүр-ет, қарта, қабырға ұсынылады. Дәмнің соңында қымыз, одан кейін шай беріледі. Әсіресе ұлттық сусын қымызды — бие сүтін атап өткен жөн. Оның емдік қасиеттері мен тонустандырғыш әсері бар, өкпе және асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуге пайдаланылады.

Егер сіз оңтүстік астананың қонағы болсаңыз, ұлттық асхананы осындағы мейрамханалар мен дәмханаларда татып көруге болады. Мысалы, Алматы қаласы 7 шағын ауданында орналасқан «Гакку» қазақ мейрамханасының жақсы беделі әрі тамаша ұлттық асханасы бар. Назарларыңызға Алматы қаласындағы ұлттық асхана мейрамханаларының мекенжайлары.
  1. Шевченко көш., 18-үй, Достық көш. қиылысы, 050000
  2. Бөгенбай батыр көш., 148/2-үй, 050012
  3. Бөгенбай батыр көш., 148/2-үй, 050012
  4. Байтұрсынов көш., 113, а/ж161, 050022
  5. Достық даңғ., 105, 050051
  6. Құрманғазы көш., 36, 050021
  7. Алмаарасан шатқалы, Қазачка өзенінің аңғары, Көк Шоқы а., 050000
  8. Зенков көш., 52, 050010
  9. Фурманов көш., 162, 050021

Пікірлер