Туризм

Қазақстан таулары (mountains of Kazakhstan)

Қазақстан таулары. Қазақстан таулары альпинизм мен туризмді дамыту үшін тамаша орын болып табылады, тауларды Қазақстан туристері ғана емес,…

17 қараша 2014 · 16:52·Оқу: 3 мин

Қазақстан таулары (mountains of Kazakhstan)
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·17 қараша 2014

Қазақстан таулары Қазақстан таулары альпинизм мен туризмді дамыту үшін тамаша орын болып табылады, тауларды Қазақстан туристері ғана емес, бүкіл әлем туристері де ұнатады. Қазақстан таулары биік таулы және аласа таулы өлкелерге бөлінеді.pictures-originals-2014-Nature___Mountains_____Snowy_mountains_and_trees_086556_.jpgҚазақстанның байтақ аумағы Орта Азияның көптеген өңірлерімен шектеседі, оңтүстік-шығыс пен солтүстік-шығыста Қазақстанды әлемдегі ең үлкен тау жүйелерінің бірі — Алтай мен Тянь-Шань қоршап тұр. Алтайдың қазақстандық бөлігі бүкіл республика аумағының оннан бір бөлігіне жуығын алып жатыр. Бұл — шөлейттенген тасты шеткі тауларынан бастап мәңгі қармен жабылған жартасты қырқаларға дейінгі таңғажайып табиғи қарама-қайшылықтарға толы ерекше әсем өлке. Алтай-Саян тау жүйесінің қазақ бөлігіне Оңтүстік Алтай, Батыс Алтай және Қалба жотасы жатады.

Оңтүстік Алтай солтүстіктегі Бұқтырма өзені мен оңтүстіктегі Зайсан көлі және Кара Ертіс өзенінің арасында орналасқан. Ертіс аңғары оны батыс жағынан Қалба жотасынан бөліп тұрады, ал шығыста Оңтүстік Алтай Үкөк үстіртімен шектеседі. Бұл жерден батысқа және оңтүстік-батысқа қарай екі тау жотасының тізбегі созылып жатыр. Азутау мен Сарытау жоталарының арасында 1449 м биіктікте аумағында әсем көлі бар Марқакөл қазаншұңқыры орналасқан. Алтайдың ең биік тау шыңы Қазақстан мен Ресей шекарасында орналасқан, бұл — Белуха тауы. Таудың биіктігі теңіз деңгейінен 4509 м. Белухада дұрыс емес пирамида пішіндес екі шың бар, шыңдардың беткейлері тік әрі құламалы, 300-500 метр төменде қармен жабылған ер тәрізді белес жатыр. Белуха шыңы — қуатты тау массиві. Ол көрші жоталардан 200 метрден астам биіктікке көтерілген, абсолюттік биіктігі бойынша алғашқы орынды дәл соған тиесілі. Таудың беткейлері мәңгі қар мен мұздықтармен жабылған. Батыс Алтай Қазақстан шегіне Алтай тауларының батыс сілемдерімен кіреді.http://tr-kazakhstan.kz

Батыс Алтай Оңтүстік Алтайдың солтүстік-батысында орналасқан Үлбі, Иванов, Уба тау жоталарынан тұрады. Олар Катунь тау жотасы мен Үкөк қыратынан созылып жатыр. Ең биік таулар Қазақстан Алтайының шеткі шығысында шоғырланған. Батыс Алтайды Кенді Алтай деп те атайды, өйткені онда көптеген пайдалы қазбалар бар. Қалба жотасы — Алтай тауларының жалғасы, жотаның ең биік нүктесі 1600 м — Сарышоқы.

Жоңғар Алатауы — Қазақ тауларының тағы бір үлкен тау жүйесі. Жоңғар Алатауының шығыстан батысқа қарай ұзындығы 450 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай — 100-150 км. Қытай мен Қазақстан шекарасында, Жоңғар Алатауы мен Барлық жотасының арасында тау өткелі — Жоңғар қақпасы орналасқан. Ол Эби-Нур көлінің ойысын (Қытайдағы) Алакөл көлдерінің қазаншұңқырымен жалғастырады. Жоңғар Алатауы екі параллель басты жотадан тұрады. Оларды Көксу өзені бөліп тұрады. Солтүстік тау жотасының ең биік нүктесі — Бесбақан (4622 м), ал оңтүстік жотаның — Мұзтау (4370 м).

Қазақстанның оңтүстік-шығысында Тянь-Шань таулары орналасқан, қазақ бөлігіне солтүстік, батыс және орталық Тянь-Шань жатады. Тянь-Шаньның батыстан шығысқа қарай ұзындығы 2500 км. Қазақстан аумағына Солтүстік Тянь-Шань толығымен дерлік, Орталық пен Батыс Тянь-Шаньның бөліктері кіреді. Орталық Тянь-Шань Қазақстан шегінде қуатты Хан Тәңірі тау түйінінен басталады. Әрі қарай батысқа қатарласқан бірқатар жотамен созылып жатыр. Олардың ішіндегі ең ірісі — Терскей Алатау. Оның шығыс тармағы бойымен Қырғызстанмен шекара өтеді.

Орталық Тянь-Шань — әлемдік альпинизмнің ең танымал орталықтарының бірі, мұнда Қазақстанның ең биік нүктесі Хан Тәңірі шыңы (Рухтар әміршісі) орналасқан. Тау Орталық Тянь-Шаньның ең әсем шыңдарының бірі болып саналады. Күн батар кезде тау қызыл түске боялады, бұл оған құпиялылық пен қайталанбас сұлулық береді. Тауды жапқан қызғылт гранит пен күн батардағы шағылысудың арқасында таудың тағы бір атауы бар — Қантау («Қанды тау»). Хан Тәңірі — түркілердің қасиетті тауы, тіпті бүгінде де онымен көптеген аңыз байланысты, ол Қазақстан, Қырғызстан мен Қытайдың шалғай шекарасында орналасқан. Оған жету оңай емес, сондықтан альпинистердің көпшілігі жотаның етегіне тікұшақпен жетеді. Шыңды бағындыру — әлемдегі кез келген альпинистің арманы, мұнда шапшаңдық пен кәсіби шеберлік сыналады, ал әлемдегі ең қатал шыңдардың біріне көтерілу — нағыз ерлікке сын. Шыңды алғаш рет украин альпинисі М.П. Погребецкий 1931 жылы бағындырды. Солтүстік Тянь-Шань мына жоталарды қамтиды: Кетмен, Күнгей Алатау, Іле Алатауы, Шу-Іле таулары және Қырғыз Алатауы. Іле Алатауы — Тянь-Шаньның ең солтүстік биік таулы жотасы, ұзындығы 350 км, ені 30-40 км, орташа биіктігі 4000 м. Іле Алатауының ең биік нүктесі — Талғар шыңы, теңіз деңгейінен 4973 м. Талғар шыңы Алматы қорығының аумағында орналасқан. Шыңды оңтүстік астана Алматының кейбір жерлерінен көруге болады әрі ол Талғар қаласынан анық көрінеді. Оның беткейлері, әсіресе батыс беткейлері, құламалы, мәңгі мұздықтармен жабылған, ал тау етегі қар көрпесімен бүркелген. Талғар шыңы ұзындығы 12 км-ге жететін Корженевский мұздығының үстінен көтеріліп тұр, бұл — Солтүстік Тянь-Шаньның ең биік шыңы. Талғар шыңы күмбез тәрізді, шыңның айналасында бұлттар жүзеді, төңіректе аппақ қар. Шыңдағы ең суық айлар қаңтар мен ақпан, ал ыстық айлар шілде мен тамыз саналады, шілдедегі орташа температура +3°C, қатты жел сирек болады. Көшкін түсудің ең қауіпті кезеңі наурыз бен сәуірге тура келеді. Талғар шыңына көтерілу тарихынан белгілісі — шыңның оңтүстік-батыс басын алғаш рет 1935 жылы В.Зиминнің жетекшілігімен альпинистер тобы бағындырды. Батыс Тянь-Шаньға Талас жотасы және одан оңтүстік-шығыс бағытта тарайтын жоталар — Өгем мен Қаржантау кіреді. Тянь-Шаньның ең шеткі, қатты бұзылған шеті — Қаратау толығымен Қазақстан шегінде орналасқан. Қазақстанның аласа таулы өлкелері Сарыарқа қазақ ұсақ шоқысынан, Мұғалжар тауларынан, Маңғыстау тауларынан тұрады.

Сарыарқа — Орталық Қазақстанда орналасқан ұсақ шоқы, батыстан шығысқа қарай ұзындығы 1200 км, таулардың орташа биіктігі 500-600 м, батыста ені 900 км-ге, шығыста 350 км-ге жетеді. Солтүстігінде Сарыарқа Батыс Сібір жазығымен, оңтүстігінде Балқаш көлі мен Бетпақдала шөлімен, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен, батысында Торғай үстіртімен шектеседі. Ең биік нүктесі 1565 м-ге жетеді. Сарыарқа дала саналады, бірақ мұнда тау шыңдары да аз емес. Олардың ішіндегі ең биігі — Ақсораң (1565 м) және Қарқаралы таулары (1403 м). Сарыарқаның құмдары мен тауларының арасында суы таза кішкентай көгілдір көлдер шашырап жатыр. Сарыарқа ұсақ шоқысының ерекшелігі — көрікті Көкшетау таулары, бұл жерлерді халық «Қазақ Швейцариясы» деп атайды. Таулар қарағай орманымен жабылған, ал жартастардың ғажайып пішіндері таңғалдырып, баурап алады.

Мұғалжар — Орал тауларының оңтүстік сілемі болып табылатын аласа тасты қырат. Мұғалжардың ең биік нүктесі — Үлкен Бөктібай тауы (657 м). Қыраттың ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 км. Тасты қыраттан оңтүстікке қарай Мұғалжарды Арал теңізінен бөліп тұратын Үлкен Борсық құмды шөлі созылып жатыр. Мұғалжар да Сарыарқа сияқты көне таулар. Мұғалжар тауларында негізінен қайың тоғайлары өседі.

Маңғыстау таулары Каспий теңізінің Маңғыстау түбегінде орналасқан. Оларға Қаратаудың батыс және шығыс жоталары, сондай-ақ Ақтаудың оңтүстік пен солтүстік жоталары кіреді. Қаратаудың ұзындығы 117 км, Ақтаудың — 70 км. Олар жыралармен, шатқалдармен және тар шаңырақтармен тілімделген. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі — Қаратау жотасындағы Бесшоқы (556 м). Маңғыстау тауларының оңтүстік бөлігінде Қарақия немесе Батыр ойысы (- 132 м) орналасқан. Бұл — Қазақстандағы ең төменгі нүкте.

Пікірлер