Туризм

«Бұйратау»

«Бұйратау» — Қазақстанның ұлттық паркі. «Бұйратау» — Қазақстанның ұлттық паркі. Парк Ақмола облысының Ерейментау ауданының аумағында орналасқан…

28 қараша 2014 · 17:46·Оқу: 3 мин

«Бұйратау»
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·28 қараша 2014

Қазақстанның «Бұйратау» ұлттық паркі Қазақстанның «Бұйратау» ұлттық паркі. Парк Ақмола облысы Ерейментау ауданының (60814 га) және Қарағанды облысы Осакаров ауданының (28154 га) аумағында, жалпы ауданы 88 968 гектар жерде орналасқан. Жаңа «Бұйратау» ұлттық паркі 2011 жылы құрылды, парк аумағы орташа қуаң және құрғақ дала белдемдерінің арасындағы өтпелі белдеуде орналасқан, бұл аумақтың дала экожүйелерінің орман экожүйелерімен ұштасуындағы бірегейлігін айқындайды. «Бұйратау» паркінің құрамына жергілікті маңызы бар өңірлік табиғи парк, сондай-ақ республикалық маңызы бар Белодым және Ерейментау мемлекеттік табиғи қорықшаларының аумақтары енді. Парк флорасында солтүстіктің реликт өсімдіктері көп, мысалы: қырықжапырақтар, 1300338097_bujratauжалбызгүлдер, солтүстік линнеясы, жорғалаушы гудайера, еуропалық жетіқарақат және т.б. Мұнда Қазақстанда өте сирек кездесетін плаундар — шоқпарбас және екіжүзді плаун, сондай-ақ өңір үшін сирек — тасты қарақат, алтай үшқаты, мойыл, шетен, сібір құртқашашы, үшжапырақты су жоңышқасы, тарлапырақты мамықшөп және т.б. өседі. Дәрілік өсімдіктерден еркек қалқаншашөп, ұрғашы қырықжапырақ, дәрілік қанішер, тесілген шайқурай сияқтылар кездеседі. Қарақат, долана, таңқурай, бүлдірген, тас бүлдірген өседі; сәндік өсімдіктерден: жазық қалампыр, орман жел шөбі, тұз сүйгіш құртқашаш және т.б. бар. Парк ормандарында өсімдіктің 800 түрі бар. Негізгі ағаш түрі — қарағай, сирегірек қайың (бұдырлы және мамықты) мен көктерек қарағаймен аралас екпелер түзеді. Бұталардан арша, ырғай, итмұрын, долана, тал, таңқурай, қарақат кездеседі. Парктің омыртқалы жануарлар фаунасы 283 түрмен ұсынылған. Парктің әдеттегі тұрғындарына сібір елігі, бұлан, қабан жатады. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, ақкіс, күзен, дала күзені, орман сусары, америка су күзені, сілеусін кездеседі. Солтүстік өңірлерден жанат тәрізді ит келген. Орманда ақ қоян жиі, орман шеттерінде орақ қоян кездеседі. Кеміргіштерден телеут тиінін, ұзынтұмсық саршұнақты, үлкен қосаяқты, кәдімгі атжалманды, тышқандар мен егеуқұйрықтарды көруге болады. Қазақстанның Қызыл кітабына орман сусары енгізілген. Құстардан көбінесе шауқарға, сауысқан, сұр қарға, дала торғайы, кәдімгі күйкентай кездеседі. Жыртқыш құстардан күйкентай, ителгі, ылашын, қара самырық, кәдімгі тұйғын тән. Орманда үлкен және кіші ала тоқылдақ, сайрауық торғайлар, орман жадырақшасы, шымшық, көкек, сарықас, құр, бақылдақ, торғайлар мен шымшықтар кездеседі. Көлдерде үйрек, қаз, аққу, сұқсыр жиі. Омыртқасыздар фаунасы қоңыздардың шамамен 1000 түрін, қандалалардың 220 түрін, тікқанаттылардың 70 түрін (шегірткелер, бізшырылдақтар, шегірткетұқымдастар және т.б.), өрмекшілердің 64 түрін қамтиды.

Пікірлер