Турнирге 42 елден шамамен 190 параатлет қатысты. Сүлейменова 100 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетіп, екінші орынды иеленді.
— Мен Қазақстанның абыройын халықаралық аренада лайықты қорғап, күміс медаль жеңіп алғаныма қуаныштымын. Мені қолдағандардың барлығына алғысымды білдіремін, — деді Айсұлу Сүлейменова.
Сәуір айында қазақстандық паралимпиадалықтар жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясында 11 медаль жеңіп алды.