Қазақстанның УЕФА кестесіндегі жоғары рейтингі елге турнирге екі команда жіберуге мүмкіндік берді. «Қайрат» пен «Семей» Чемпиондар лигасына А жолымен бастайды.
«Қайрат» бірінші себетке түсті, «Семей» — екіншіге. Бастау кезеңінде клубтар теориялық тұрғыдан бір-бірімен ойнауы мүмкін, алайда бұл олардың алға шығу мүмкіндіктеріне әсер етпейді: регламент бойынша А жолынан 1/16 финалға үш үздік команда шығады.
Себеттер құрамы
1-себет: «Барселона» (Испания), «Спортинг» (Португалия), «Қайрат», «Бенфика» (Португалия).
2-себет: «Мурсия» (Испания), «Семей», «Этуаль» (Франция), «Андерлехт» (Бельгия).
3-себет: ХИТ (Украина), «Олимссум» (Хорватия), «Лученец» (Словакия), «Юнайтед Галац» (Румыния).
4-себет: «Минерва» (Швейцария), «Бейтар» (Латвия), «Столица» (Беларусь), «Тигерс Румонд» (Нидерланды).
Осы кезеңнің матчтары «Андерлехт», «Олимссум», «Лученец» және «Тигерс Румонд» алаңдарында өтеді.
«Қайрат» Қазақстанның футзалдан чемпионы атағын 22-ші рет жеңіп алды.