Француздар Марокконы 2:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Голдарды 60-минутта Килиан Мбаппе және 66-минутта Усман Дембеле соқты.
Испания ширек финалда Бельгияны 2:1 есебімен жеңді. Испандықтардан 30-минутта Фабиан Руис және 88-минутта Микель Мерино ерекшеленді, бельгиялықтардан — 41-минутта Шарль Де Кетеларе.
Қазақстандық көрермендер тікелей трансляцияны «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарынан көре алады.
Екінші жартылай финалда Англия мен Аргентина кездеседі. Олардың матчы 16 шілдеде де Қазақстан уақыты бойынша 00:00-де өтеді.