Қоғам

Жанат Айтпаева Алматы қаласының балалар құқығын қорғау басқармасының басшысы болып тағайындалды

Жанат Айтпаева Алматы қаласының балалар құқығын қорғау басқармасына басшылық етеді. Ол 57 жаста, 1968 жылғы 23 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

29 маусым 2026 · 06:44·Оқу: 2 мин

Жанат Айтпаева Алматы қаласының балалар құқығын қорғау басқармасының басшысы болып тағайындалды
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·29 маусым 2026

Жанат Айтпаеваның жоғары педагогикалық және экономикалық білімі бар. Ол педагогика ғылымдарының кандидаты және экономика және бизнес магистрі. Білім беру және мемлекеттік басқару саласындағы жалпы еңбек өтілі 35 жылдан асады.

Айтпаева еңбек жолын мұғалім болып бастаған. Кейін ол Шығыс Қазақстан облыстық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығына, Өскемен қаласының білім бөліміне басшылық етті, Astana IT University проректоры, «Алматы дарыны» КММ директоры және Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2025 жылдың қыркүйек айынан бастап ол Алматы әкімі аппаратының идеологиялық жұмыс бөлімінің бас инспекторы және кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы қызметін атқарды.

Айтпаева білім беруді басқару және педагогикалық көшбасшылық мәселелері бойынша оқулықтардың, құралдардың және ғылыми монографиялардың авторы және автордасы. Ол «Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен, сондай-ақ ведомстволық наградалармен және құрмет грамоталарымен марапатталған.

Бұған дейін осындай басқарманың басшысы Павлодар облысында таныстырылған.

Пікірлер