Прокуратура кәсіпорынның жалақы төлеу мерзімдерін бұзғанын анықтады. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қызметкерлер алдындағы қарыз толық көлемде өтелді.
Төлем мерзімдерін бұзғаны үшін ұйымды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 87-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салды.
Қазақстан Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес, жалақыны айына кемінде бір рет және келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірмей төлеу керек.