Қоғам

Алматыда Шымбұлаққа газ құбыры мен кәріз тарта бастады

Алматыда Шымбұлақ тау шаңғы курорты бағытында 5,7 км орта қысымды газ құбыры мен 2,7 км кәріз желілерінің құрылысы басталды.

3 шілде 2026 · 14:43·Оқу: 1 мин

Алматыда Шымбұлаққа газ құбыры мен кәріз тарта бастады
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·3 шілде 2026

Мердігер ұйым жұмыстарды бастап кетті. Газ құбырының алғашқы учаскелерін монтаждап, кәріз желілерін салып, темірбетонды құдықтарды орнатуда.

Алматы қаласының энергетика және сумен қамтамасыз ету басқармасының мәліметінше, жоба осы бағыт бойындағы нысандарды, соның ішінде Шымбұлақ аумағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді. Мақсаты — коммуналдық жүйелердің сенімділігін арттыру және туристік инфрақұрылымды дамыту.

Құрылысты 2026 жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Табиғи ландшафтты сақтауға және қоршаған ортаға әсерді азайтуға ерекше көңіл бөлінуде.

Жұмыстар кезінде кейбір учаскелерде қозғалысқа уақытша шектеулер және арнайы техниканың жұмысы болуы мүмкін. Қала тұрғындары мен қонақтарынан сапарларын жоспарлау кезінде мұны ескеру сұралады.

Пікірлер