Өзгерістерге сәйкес, тапсырыс беруші жұбайлар суррогаттық ананың медициналық тексеруден өтуіне байланысты барлық материалдық шығындарды көтеруге міндетті. Олар сондай-ақ көмекші репродуктивтік технологияларды қолдануды төлейді.
Шарт жасасу кезінде жұбайлар медициналық ұйымға өзінің физикалық және психикалық денсаулығы туралы қорытындыны, сондай-ақ медициналық-генетикалық тексерудің нәтижелерін ұсынуы тиіс.
Сонымен қатар, тапсырыс берушілер суррогаттық ананың жүктілік, босану кезіндегі және босанғаннан кейін 56 күн ішіндегі медициналық қызмет көрсетілуін төлейді. Асқынулар болған жағдайда бұл мерзім 70 күнге дейін ұзартылады.
Бөлек құжатпен мемлекет басшысы бұған дейін «Топырақты қорғау туралы» Заңға қол қойған болатын.