2026 жылдың қаңтарынан мамырына дейін елде 463 адам өлімімен аяқталған ЖКО тіркелді. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда аз: бір жыл бұрын 593 жағдай, 2022 жылы — 572. Мұндай апаттардың жалпы ЖКО санындағы үлесі 3,8%-ға дейін төмендеді.
Ең көп апат Алматыда тіркелді — 3 мың. Екінші орында 1,2 мыңмен Алматы облысы, үшінші орында — 964 жағдаймен Астана. Ең аз ЖКО Ұлытау облысында — 82.
Қаза тапқандар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр: онда 100 адам қаза тапты. Алматы облысында 84 адам, Жамбыл облысында — 58 адам құрбан болды. Осы үш өңір ел жолдарындағы барлық өлімнің 40%-дан астамын құрады.
Түркістан облысында барлық ЖКО-ның 16,5%-ы өліммен аяқталды. Жоғары көрсеткіш Қарағанды облысында да — 15,8%. Алматыда өлімге әкелген апаттардың үлесі бар болғаны 0,4% құрады.
Маусым айының басында Түркістан облысында JAC автокөлігінің мас күйдегі жүргізушісі бірнеше жаяу жүргіншіні қағып, қашып кетті. Үш адам қаза тапты. Сәуір айында сол өңірде ЖКО-да үш жас спортшы қаза тапты.