Жөнделетін учаскенің жалпы ұзындығы — 35 шақырым. Жұмыстар ескі жабынды фрезерлеуді, шұңқырларды жоюды және жаңа негіз бен асфальт қабаттарын төсеуді қамтиды.
Қазірдің өзінде 216 мың шаршы метрде фрезерлеу жұмыстары орындалды, 39 мың шаршы метрде шұңқырлар жойылды және 191,5 мың шаршы метрде суық ресайклинг әдісімен негіз жасалды.
178 мың шаршы метрде ірі түйіршікті асфальтобетон қоспасының төменгі қабаты және 108 мың шаршы метрде ұсақ түйіршікті қоспаның үстіңгі қабаты төселді.
Жөндеу жолдың қызмет ету мерзімін ұзартуға, жабынның сапасын сақтауға және қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға тиіс.