Талдау көрсеткендей, кәсіпкерлік қызмет, тұрғын үй құрылысы және басқа мақсаттар үшін бөлінген учаскелер ұзақ уақыт бойы игерілмей қалған. Жергілікті атқарушы органдар бұл жерлерді айналымға енгізу бойынша уақтылы шаралар қабылдамаған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша уәкілетті органдар жер пайдалану құқықтарын тоқтатып, учаскелерді мемлекетке қайтарды.
Бұған дейін Алматыда 14 гектардан астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылған болатын.