Ошақтар Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылы маңында, Ерейментау ауданы Тайбай ауылдық округінің теміржол жолдары жанында және Аршалы ауданы Байдалы ауылы маңында пайда болды.
ТЖМ-де елді мекендерге қауіп төнбегенін хабарлады. Өртті сөндіруге ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды. Жедел әрекеттердің арқасында барлық ошақтар толық жойылды.
Өрттердің жалпы ауданы 10 гектардан асты.
Өрт немесе төтенше жағдай туындағанда құтқарушылар 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарлауды ұсынады.