Найзағайлы жаңбыр мен екпінді жел күтіледі. Жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін. Елдің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде қатты жаңбыр болжанады.
Күндіз батыс пен солтүстік-батыста температура +18…+26 °C дейін төмендейді. Солтүстікте термометр бағандары +22…+30 °C көрсетеді. Оңтүстікте ыстық сәл бәсеңдейді — +28…+38 °C дейін.
Шығыс, солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда қатты ыстық сақталады. Күндіз ауа +33…+38 °C дейін қызады, ал жекелеген аудандарда +40 °C дейін жетеді.
Бұған дейін Шымкентте шілде айы абсолютті температуралық рекордты жаңартуы мүмкін екені хабарланған.