Факті әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасына цифрлық талдау кезінде анықталды. Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті басқармасының басшысы Бекболат Әнесов талдау нәтижесінде 15 пайыздық үстеме шектеуін бұзған оннан астам ірі жеткізуші анықталғанын хабарлады.
Күріш ісі облыс әкімдігі жанындағы комиссияда қаралды. Кәсіпкерге қатысты шаралар қолдану жоспарлануда.
Департаментте жартыжылдық қорытындылар да шығарылды. Жыл басынан «Кибернадзор» жүйесі арқылы онлайн-казиноға 398 сілтеме және қаржы пирамидаларына қатысты 45 сілтеме бұғатталды. Қылмыстық істердің 50 пайызы аяқталды, 12-сі сотқа жіберілді. Мемлекетке келтірілген 109,9 миллион теңге шығынның 21,1 миллионы сотқа дейінгі сатыда өтелді.