Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Чехия Республикасының полициясымен бірлесіп арнайы операция жүргізіп, жеке деректерді заңсыз таратудың халықаралық арнасын жапты.
Іздестіру шаралары Чехияның Усти-над-Лабем қаласында, сондай-ақ Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында бір мезгілде өтті. Дәлелдер бар цифрлық тасымалдағыштар мен қолма-қол ақша тәркіленді.
Қылмыскерлер азаматтардың деректерін орналастыратын жабық интернет-ресурс құрған. Топта нақты иерархия болған: үйлестірушілер, операторлар және «пробив» тапсырыстарын өңдейтіндер. Ақшаны дроп-шоттар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған.
Схеманың ұйымдастырушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда, деп хабарлады ІІМ Киберқылмыспен күрес департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.