2026 жылғы 16 шілдедегі сағат 16:00 жағдай бойынша өртті сөндіруге 400-ден астам адам және 100-ге жуық техника жұмылдырылды. Авиация 89 тонна көлеміндегі суды 81 рет төгіп, жердегі бөлімшелер жұмысын жалғастыруда.
Премьер-министр штаб жұмысын жеке бақылауына алды және өртті жедел сөндіру мен жақын елді мекендерді қорғау шараларын күшейтуді тапсырды. Бородулихин ауданындағы өрттің аумағы алдын ала мәліметтер бойынша шамамен 60 гектарды құрайды.
Қауіпсіздік мақсатында балалар лагерінен 190 бала мен қызметкер эвакуацияланды.