Құжат тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік амнистияны енгізді. Азаматтар заңда көзделген баптар бойынша айыппұлдарды төлеуден босатылады.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, амнистия 590 мыңға жуық адамға қатысты. Оларға қатысты 1,3 млн-нан астам әкімшілік жазалау 22 млрд теңгеден астам сомаға тоқтатылды.
Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов амнистияның бір реттік сипатта екенін нақтылады. Ол жаңа құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті алып тастамайды.
Қайталап бұзған жағдайда кінәлілер заңнамаға толық сәйкес жауапкершілікке тартылады, деп атап өтті ол.