Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, осы кезеңде мұнай мен мұнай өнімдерінің жалпы ресурстары 28,3 млн тоннаны құрады. Оның ішінде 6,4 млн тоннасы ел ішінде қалды.
Көмір өнеркәсібінде жалпы ресурстар 37 млн тоннаға жетті. Ел ішінде 27 млн тоннаға жуығы сатылды.
Газ және басқа ресурстар
Табиғи газ ресурстары 7,6 млрд текше метрді құрады. Импорт 5,1 млрд текше метрден асты, ал ел ішіндегі тұтыну 5,5 млрд текше метр болды.
Темір рудасының көлемі 18,2 млн тоннаны, мыс рудалары мен концентраттары 56,8 млн тоннаны құрады. Асбест экспорты жалпы 80,9 мың тоннадан 68,1 мың тоннаны құрады.
Азық-түлік және отын
Ет пен құс етінің ресурстары 386,1 мың тоннаны құрады, оның 48 мың тоннасы шетелден әкелінді. Қант бойынша импорт 180 мың тоннаға жуықтады, ал өз ресурстары 201,6 мың тоннаны құрады.
Ұн экспорты жалпы 1,26 млн тонна ресурстан 766,6 мың тоннаны құрады. Өсімдік майлары бойынша шетелге 406,1 мың тонна жөнелтілді.
Автомобиль бензинінің ресурстары 2 млн тоннаға жуықтады, оның 1,95 млн тоннасы ел ішінде сатылды. Дизель отыны 2,21 млн тоннаны құрады, ал импорт 255 мың тоннадан асты.
Электр энергиясы және автомобильдер
Электр энергиясын тұтыну 43,9 млрд кВт·сағатқа жетті, жалпы ресурстар 44,8 млрд кВт·сағатты құрады.
Жеңіл автомобильдердің ресурстары 155,5 мың бірлікті құрады. Оның 59 мыңы Қазақстанда өндірілді, ал 96 мыңнан астамы шетелден әкелінді.